Ұлыстың ұлы күні – Наурыз! - АО «Астана — Теплотранзит»

«Астана-Теплотранзит» АҚ 2019 жылғы 20 наурызда мемлекеттік тілді енгізу бөлімінің ұйымдастыруымен Наурыз мейрамын атап өтті. Басқарма төрағасының құрылыс және күрделі жөндеу жөніндегі орынбасары Қ.Б.Нұғыманов әріптестер мен қонақтарды құттықтап, салтанатты мерекенi ашты.

Наурыз мерекесінде Қыдыр ата ақ батасын берді. Келген қонақтар «наурыз көжеден» дәм татты, шашу шашылды, бауырсақ таратылды.

Сондай-ақ көрермендер мерекелік концертті тамашалады. Бұл күні сахна төрінде мың бұралып би билеп, әсем әндер шырқалды. Өнерпаздар көрермендерге мерекелiк көңiл-күй сыйлады.


Теплотранзит