Қазақстан халқы тілдері күніне және Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Астана-Теплотранзит» АҚ өткізген іс-шаралар - АО «Астана — Теплотранзит»

«Астана-Теплотранзит» АҚ мемлекеттік тілді енгізу бөлімі 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне және Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай жыл сайын іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітіп, 2020 жылғы 2 – 5 қыркүйек аралығында аталған жоспарға сәйкес іс-шараларды ұйымдастырды.

Бекітілген Іс-шаралар жоспарына сәйкес «Тіл баға жетпес мұра» тақырыбындағы қабырға газеті шығарылды.

Ұлы ақын Абайдың атын мәңгілікке қалдыру және оның тарихи мұрасын насихаттау мақсатында «Абай – ұлы даланың ұлы тұлғасы» тақырыбында «Астана-Теплотранзит» АҚ жұмыскерлері мен филология ғылымының кандидаты, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті Болат Сағынбекұлы Қорғанбековтің қатысуымен онлайн форматта кездесуі өткізілді.     

           

 

«Абай – ұлы даланың ұлы тұлғасы» тақырыбында филология ғылымының кандидаты, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті Болат Сағынбекұлы Қорғанбековпен онлайн кездесу

Ақынның өмірбаяны мен шығармашылығына шолу жасалып, «Абай әлемі» тақырыбында стенд шығарылды.